387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шри-Ланкада қатарынан үш жарылыс болды

  • 440
Шри-Ланкада қатарынан үш жарылыс болды

 

Оқыс оқиға құқық қорғау органдарының қызметкерлері лаңкестерге қарсы операция жүргізіп жатқан елдің шығысындағы Калмунай қаласында болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Newsfirst порталына сілтеме жасап.

 Бұған дейін таңертең осы қалада жанкештілерді, сондай-ақ жасырын қару-жарақ қоймаларын анықтау үшін жүргізілген рейд кезінде белгісіз біреулер полиция қызметкерлері мен ұлттық армияның әскери қызметкерлеріне оқ жаудырған болатын. 

Елде қазір террористер тобына қатысы бар деген күдікпен 140 адам іздестірілуде. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы ақпараттар түсе қойған жоқ. 

Хабар 24 телеарнасы