379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мозамбикте алапат дауыл соқты

  • 74
  • UPD: 18:59, 27.04.2019
Мозамбикте алапат дауыл соқты

Мозамбиктің солтүстік жағалауында тағы да алапат дауыл ойран салды. Желдің екпіні сағатына 220 шақырымға жетеді.

Әзірге қаза тапқандар мен жарақат алғандар туралы ақпар жоқ. Қазір дауылмен қоса, толассыз жауын жауып, елді мекендерді су басып жатыр. Электр бағаналары құлап, кей өңірлер жарықсыз қалды. Қазір дүлей жел Зимбабве мен Малавиге бет алған. Әйтсе де оның күші біршама әлсіреген. Айта кетейік, Мозамбик осымен екінші рет сұрапыл дауылды бастан кешіп отыр. Өткен наурыз айының бас кезінде бұл елде «Идай» дауылы соғып, жүздеген адам опат болған еді.

Хабар 24 телеарнасы