378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Испания кезектен тыс парламенттік сайлауға дайындалып жатыр

  • 114
  • UPD: 07:42, 28.04.2019
Испания кезектен тыс парламенттік сайлауға дайындалып жатыр Euronews

Оған ел парламентіндегі Санчес үкіметінің бюджет жобасын бекітпеуі себеп болған еді.

Осыдан кейін премьер-министр елде мерзімнен тыс парламенттік сайлау өткізетінін жариялады. Ал додаға 80 партия мен одақ қатысады. Бірақ сарапшылардың пайымынша, парламентке тек оншақты саяси күш өтуі мүмкін. Сауалнамаға қарағанда премьер-министр Педро Санчестің «Социалистік партиясы» алда. Одан кейін Пабло Касадоның оппозициялық «Ұлттық партиясы» келеді. Мамандар сондай-ақ сайлауға ең көп ықпал ететін Каталония мен мигранттар мәселесі екенін айтады.

Хабар 24 телеарнасы