378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Тунисте екі жүк көлігінің соқтығысуынан 12 адам көз жұмды

  • 135
  • UPD: 15:27, 28.04.2019
Тунисте екі жүк көлігінің соқтығысуынан 12 адам көз жұмды

Тунистің Сиди-Бузид шаһарында екі жүк көлігі соқтығысып, салдарынан 12 адам қаза тапты.

Бұл туралы Anadolu хабарлайды. Басылым тағы 21 адамның зардап шеккенін жазады. Көліктердің бірінде ауыл шаруашылығында қызмет атқаратын 30 әйел болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүк көлігінің бірінің шинасы жарылып, жүргізуші рөлді қарама-қарсы бағытқа бұруға мәжбүр болған.

Хабар 24 телеарнасы