379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэла белді ұйымнан шыққанын мәлімдеді

  • 192
Венесуэла белді ұйымнан шыққанын мәлімдеді Pixabay/alexanders

Венесуэла Америка мемлекеттері ұйымынан шықты.

Бұл туралы осы елдің Сыртқы істер министрі Хорхе Арреаса мәлімдеді. Оның айтуынша, бұл бірлестік Америкада тек мемлекеттік төңкеріс жасаумен айналысып келеді. Бірақ Каракастың мұндай қадамға баруына ұйымның Николас Мадуроның билігін танудан бас тартуы себеп. Өйткені ол былтырғы президенттік сайлауды заңсыз деп тауып, оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдоға қолдау көрсетіп отыр. Айта кетейік, қаңтар айында Николас Мадуро билігіне қарсы наразылық күшейіп, парламент спикері Хуан Гуайдо елдегі билікті уақытша қолға алатынын мәлімдеген болатын.

Хабар 24 телеарнасы