Швейцарияның оңтүстігіндегі қар көшкіні салдарынан 4 германиялық шаңғышы қаза тапты.
Оқиға Альпі тау жүйесінің Вале атты аймақтарының бірінде орын алған. Шаңғы тебуге кеткен туристер таңғы 9-да шығып, сол күйі оралмаған. Дереу жасақталған іздеу тобы жоғалған туристерді табу оңай болмағандығын айтады. Тек түскі сағат 1 жарымда шыққан тікұшақ кешке қарай қар астында қалған 4 адамды тапқан. Аман қалғандар жоқ. Жалпы бұл маусымда Швейцарияда қар көшкіні салдарынан 19 адам опат болған.