379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канадалықтар су тасқынынан әбігерге түсті

  • 141
Канадалықтар су тасқынынан әбігерге түсті

Канададағы су тасқыны тұрғындарды әбден әбігерге салды. Табиғат апатынан Квебек  провинциясы ең көп зардап шекті.

Жергілікті билік аймақта төтенше жағдай жариялап, 7 жарым мыңға жуық тұрғынды эвакуациялау керек деген шешім қабылдады. Ақпарат көздерінің хабарлауынша, өңірдегі 5 мыңнан астам баспана топан су астында қалды. Апат орын алған жерде  құтқарушылар мен еріктілер жұмыс істеп жатыр. Естеріңізге салайық, аймақта тасқын өткен аптада басталды.

Хабар 24 телеарнасы