378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Буркина-Фасода шіркеуге жасалған шабуылдан 6 адам көз жұмды

  • 130
  • UPD: 20:12, 29.04.2019
Буркина-Фасода шіркеуге жасалған шабуылдан 6 адам көз жұмды РИА Новости

Буркина-Фасо солтүстігіндегі Сахель облысында орналасқан шіркеуге шабуыл жасалды.

Салдарынан алты адам көз жұмды. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдері қауіпсіздік қызметіне сілтеме жасап хабарлауда. Алдын ала ақпарға сай, қаруланған бір топ адам Сильгаджи қаласындағы шіркеуге басып кіріп оқ атқан. Құрбандардың қатарында шіркеу қызметкерлері де бар. Тағы бірнеше адамды шабуылшылар ұрлап кеткен.

Хабар 24 телеарнасы