378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезиядағы су тасқыны: құрбандар саны артты

  • 133
  • UPD: 21:18, 29.04.2019
Индонезиядағы су тасқыны: құрбандар саны артты

Индонезияның Суматра аралындағы Бенкулу елді мекенінде су тасқыны мен лай көшкіні салдарынан қаза тапқандардың саны 30-ға жетті.

13 адам ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Бұл туралы Синьхуа агенттігі хабарлады. Өткен жұма күні басталған жауын тоқтамай жауып, өңірдегі бірнеше өзен арнасынан тасыған. Соңы лай көшкініне ұласты. Мыңдаған үй су астында қалған. 12 мың адам қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Қазір көпір мен жолдар жарамсыз болып қалған. Дегенмен қазір су деңгейі төмендеп келеді. Бірақ жауын қайта жауса тағы да су тасып, лай көшуі ықтимал. 

Хабар 24 телеарнасы