378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада жүзден астам заңсыз мигрант еліне депортацияланды

  • 86
Мексикада жүзден астам заңсыз мигрант еліне депортацияланды

Мексикадағы миграция жөніндегі ұлттық институт жүзден астам Гондурас азаматын еліне қайтарды.

Олардың 63-і кәмелеттік жасқа толмағандар. Босқындар елдің Веракрус штатынан ұшаққа отырғызылған.

Естеріңізге салайық, Латын Америкасы елдерінен заңсыз мигранттар АҚШ-қа өткен жылдың күзінен бері ағылып келіп жатыр. Мексика ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, соңғы айда 15 мыңға жуық адам еліне қайтарылған. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп босқындар нөпірі толастамаса, шекараны толық жауып тастаймын деп сес көрсетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы