378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шри-Ланкада бетті тұмшалауға тыйым салынды

  • 96
Шри-Ланкада бетті тұмшалауға тыйым салынды

Шри-Ланкада бетті тұмшалайтын киімге тыйым салынды.

Президент елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты осындай құжатқа қол қойды. Қаулы адамның жеке тұлғасын анықтауға кедергі келтіретін барлық элементке қатысты болмақ. Оның қатарында хиджаб та бар. Мұндай тыйым құқық қорғау органдарына лаңкестерді табуға көмектесу мақсатында жасалып отыр. Себебі арнайы қызметтің «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымына қатысы бар деген күдігіне Шри-Ланканың 140 азаматы ілінген. Айта кетейік, 21 сәуір күні бұл елде бірден сегіз жойқын жарылыс болып, 259 адам көз жұмды. Террорлық әрекетті «Ирак және Левант» лаңкестік ұйымы өз мойнына алды.

Хабар 24 телеарнасы