378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мозамбикте табиғи апат салдарынан қаза тапқандардың саны артты

  • 99
  • UPD: 07:25, 30.04.2019
Мозамбикте табиғи апат салдарынан қаза тапқандардың саны артты Экономика сегодня

Мозамбикте «Кеннет» тропикалық циклоны салдарынан қаза тапқандардың саны 38-ге жетті.

Сағатына 280 шақырымдық жылдамдықпен қозғалған дауыл өңірде жұма күні басталған еді. Артынша жауын жауып, соңы су тасқынына ұласқан. Табиғаттың тосын мінезінен үш мың үй топан су астында қалды. Бұған дейін наурыз айында бұл өңірде «Идай» циклоны тіркелген еді. Ол кезде Мозамбик, Зимбабве және Малави өңірлерінен мыңнан аса тұрғын қаза тапқан болатын. БҰҰ инфрақұрылымды қалыпқа келтіру үшін өңірге 13 миллион доллар бөлген болатын.

Дебора Нгуен, дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының координаторы:

– Үкіметтің берген ақпары бойынша қауіпті аймақта 700 мың адам қалған. Ал аса қауіпті аймақтағылардың саны – 200 мыңдай тұрғын. Біз құтқару операциясын барынша жылдам жүргізіп жатырмыз. Мұқтаж жандарға қажетті көмекті дереу арада жеткіземіз.

Хабар 24 телеарнасы