378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Канаданың бірнеше ауданы су астында қалды

  • 134
Канаданың бірнеше ауданы су астында қалды

Канада тұрғындары табиғат апатынан әбден есеңгіреп қалды.

Квебек, Онтарио мен Нью-Брансуик аудандары топан су астында қалды. Аймақтарда төтенше жағдай жарияланды. Құтқарушылар тұрғындарды әлі де эвакуациялап жатыр. Квебек провинциясының өзінде 8 мыңға жуық адам баспанасын тастап кетуге мәжбүр болды. Ал Монреаль шаһарында су бөгеті жарылып кеткен. Табиғаттың тосын сыйынан жарақат алғандар да бар. Олардың нақты саны анықталып жатыр. Жергілікті билік зардап шеккен тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру үшін 1 млн доллар қаржы бөлген. Құтқару операциясына 2 мыңнан астам маман мен ерікті жұмылдырылды.

Хабар 24 телеарнасы