378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Корея бедеулікті емдеу мақсатында 5 млрд-тан астам қаражат жұмсамақ

  • 55
Оңтүстік Корея бедеулікті емдеу мақсатында 5 млрд-тан астам қаражат жұмсамақ

Оңтүстік Корея үкіметі алдағы бес жылда бедеулікті емдеу мақсатында 5 миллиард екі жүз миллион доллардан астам қаражат жұмсайды.

Өйткені осы елде туу көрсеткіші әлемде ең төмен болып саналады. Қазір халықтың саны елу миллионнан асса, елу жылдан кейін қырық миллионға дейін төмендеуі мүмкін. Сарапшылардың пікірінше, оңтүстіккореялықтар отбасын құруға асықпайды. Оңтүстіккореялық әйелдердің көпшілігі жеке өміріне емес жұмысқа көп уақыт бөледі. Сонымен қатар жыл сайын бедеулікті емдеуге мұқтаж науқастардың саны артып келеді. 2006 жылы осындай медициналық жәрдем жүз жетпіс мың адамға көрсетілсе, он жылдан кейін екі жүз он бес мыңға дейін өсті. Өткен жылы экстракорпоралдық ұрықтандырудың арқасында ата ана болу бақыты алпыс мың Оңтүстік Корея тұрғындарына бұйырды. Тағы жиырма үш мың әйелге инсеминация жасалды.

Кореяның денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің бөлім басшысы:

– Медициналық сақтандыру бедеулікті емдеуге қажетті шығындардың жетпіс пайызын өтейді. Қырық төрт жасқа толмаған әйелдер экстракорпоралдық немесе ұрықтандырудың басқа түрлерін пайдалана алады. Дегенмен биыл жасқа байланысты шектеулер жойылады. Және емшаралар санын көбейткіміз келіп отыр. Оңтүстік Кореяда қазір үш жүз алпыс ауруханада жасанды ұрықтандыру жасалады.

Хабар 24 телеарнасы