378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгияда ЭКҰ әдісі 43 жастан аспаған әйелдерге ғана жасалады

  • 82
Бельгияда ЭКҰ әдісі 43 жастан аспаған әйелдерге ғана жасалады

Бельгияда баланы жасанды түрде ұрықтандыруды қалайтын отбасы көп.

Дәрігерлер осы амалдың сәтті өтетініне тек 15-20 процент кепіл бергенімен, бұл ем-шараға кезек жыл сайын өсіп келеді. Жергілікті дәрігерлердің біліктілігі мен ЭКҰ-орталықтарының жабдықталуы жоғары деңгейде. Алайда Бельгияда емнің бұл түрі тек 43 жастан аспаған әйелдерге көрсетіледі. Медициналық сараптамамен қатар олар жан-жақты дайындалады. Көптеген психологиялық сынақ тапсырып, мамандардың кеңесін алады. Дәрігерлер әйелдер бұл қадамға саналы түрде келуі керек дейді. Және қыз-келіншектер ем-домның сәтсіз өтуіне де дайын болуы тиіс. 40 жасқа дейін ЭКҰ тегін, ал одан жасы асып кеткен әйелдерге сақтандыру компаниялары шығынды өтемейді. Операция бағасы 5-6 мың еуро, бұл өзге еуропалық елдермен салыстырғанда арзан.

Хабар 24 телеарнасы