378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қырғызстанда терезеге қыстырылып қалған ұры ұсталды

  • 347
  • UPD: 10:42, 30.04.2019
Қырғызстанда терезеге қыстырылып қалған ұры ұсталды kabar.kg

Қырғызстанда Сокулук аудандық ІІБ учаскелік инспекторы Новопавловка ауылындағы дүкендердің біріне ұрлыққа түскен күдіктіні оқиға үстінен түсіп, ұстап алды.

Бұл туралы ҚазАқпарат Кабар агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. Оның дерегі бойынша, 2019 жылдың 19 сәуірінде Сокулук аудандық ІІБ уәкілетті милиция учаскелік инспекторы қызметі барысында Новопавловка ауылында азық-түлік дүкеніне ұрлыққа түскен жас жігітті оқиға кезінде ұстап алған. Ол дүкеннің кішкентай терезесіне қыстырылып қалған. Тергеу тәртіп сақшылары күдіктілердің аты-жөндерін анықтады. Олар 16  және 15 жастағы кәмелетке толмағандар болып шықты. «Милиция қызметкерлері олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысының бар-жоқтығын тексеріп жатыр», - делінген хабарламада.

Хабар 24 телеарнасы