388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Берлин тұрғындары ашық аспан астында кітап оқыды

  • 262
Берлин тұрғындары ашық аспан астында кітап оқыды

Германия астанасы Берлин орталығындағы алаңда мыңдаған кітап қойылған сөрелер пайда болды.

Ашық аспан астындағы кітапхана бірден қала тұрғындарының назарына ілікті. Кез келген адам ұнатқан оқулығын тап осы жерде оқуға мүмкіндік алды. Ыңғайлы болу үшін жұмсақ жиһаз, көрпе-жастық қойылған. Мұнда әдебиеттің барлық жанры ұсынылған: детектив, романдар, энциклопедиялар, ал балалар үшін түрлі ертегілер бар. Осылайша, шара ұйымдастырушылары халықтың кітапқа деген қызығушылығын туғызуды көздеген. Берлинде басталған бұл шара Еуропаның 30 қаласында жалғасып, қазан айында Мюнхенде аяқталады. 

Анне Шмидт, Берлин қаласының тұрғыны:

– Мен серуенге шығып, кездейсоқ кітап тұрған сөрелерді көрдім. Оқуға құмармын, сондықтан арасынан біреуін таңдап алдым. Осында ұзақ боламын деп ойлаған жоқпын, бірақ оқуға елігіп, бірнеше сағатқа кідіріп қалдым. Бұл қаламыз үшін керемет шара болды деп санаймын.  

Сильвиа Рааб, кітапхана гиді:

– Бұл жобамыз шуы тынбайтын қалада жазира іспеттес. Мұнда көңіліңді босатып, таза ауада кітап оқып, демалуға болады. Саны үш мың, негізінен неміс тілінде, сондай-ақ ағылшын, итальян және түрік тілдерінде де бар. Кітап – баға жетпес қазына деп санаймыз, оқуға көбірек көңіл бөлуіміз керек. Келесі аптада Франкфуртте боламыз, онда да мыңдаған адамның келуін күтеміз.

Хабар 24 телеарнасы