378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ШЫҰ-ға мүше елдер әскери салада тығыз қарым-қатынас орнатпақ

  • 171
  • UPD: 11:41, 30.04.2019
ШЫҰ-ға мүше елдер әскери салада тығыз қарым-қатынас орнатпақ

Шанхай ынтымақтастық ұйымы алдағы екі жылда әскери салада тығыз қарым-қатынас орнатпақ, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бішкекте ұйымға мүше елдердің қорғаныс министрлер кеңесінің отырысында осындай келісім жасалды. Басқосуда аймақтық және халықаралық қауіпсіздік мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар алдағы уақыттағы бірлескен іс-қимылдың жоспары пысықталды. Жиын соңында Шанхай ынтымақтастық ұйым өкілдері 4 құжатқа қол қойды.

Райимберди Дуйшенбиев, ҚР қарулы күштері бас штабының басшысы:

– Бірлескен әскери оқу-жаттығуы жөніндегі хаттаманы ерекше атап айтқым келеді. Бұл құжатқа сәйкес Үндістан мен Пәкістан Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде ұйымдастырылатын әскери жаттығуларға қатысуға мүмкіндік береді.

Хабар 24 телеарнасы