378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Каталония тұрғындары Испания құрамынан шығуды талап етуде

  • 174
Каталония тұрғындары Испания құрамынан шығуды талап етуде

Каталония тұрғындары Испания құрамынан шығуды талап етіп қайта алаңға шықты.

Осыған орай жуырда елде өткен кезектен тыс парламенттік сайлауға қатысқан партиялар Каталонияның егемендігі жайлы мәселені қайта көтерді. Айта кетейік, саяси доданың алдын ала нәтижесі бойынша, премьер-министр Педро Санчестің Социалистік партиясы көш бастап тұр. Алайда жаңа үкімет құру үшін әлі де дауыс жинау керек. Айта кетейік, Каталония – Испанияда халқы тығыз орналасқан әрі өркендеген өңір. Елдегі өндірілетін өнімнің едәуір бөлігі осы аймақтың еншісінде. Сондықтан 2008 жылы дағдарыс кезінде халықтың бөліну ниеті күшейген. Бірақ конституциялық сот референдум өткізуге әлі күнге дейін жол бермей келеді.

Хабар 24 телеарнасы