379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жапонияда Хэйсэй дәуірі аяқталды

  • 145
  • UPD: 18:18, 01.05.2019
Жапонияда Хэйсэй дәуірі аяқталды

Императордың тақтан бас тарту салтанатына 300 адам қатысты. Олардың дені монархтың әулеті, министрлер кабинеті, парламент және сот өкілдері.

Император сарайында өткен салтанатты шара кезінде Акихито патшаның қылышы, яшма тасы, жеке мөрі және Жапонияның мемлекеттік мөрі әкелініп, ілтипат көрсетілді.

Акихито, Жапония императоры:

«Бүгін мен император ретіндегі қызметімді аяқтаймын. Премьер-министр Синдзо Абэ арқылы бізге жылы лебіз білдірген Жапон халқына ризашылығымды білдіремін. Таққа отырған сәттен бастап, 30 жылдан бері халқымның маған сенім артып, құрмет көрсеткені үшін өзімді бақытты сезінемін. Ертеңгі күннен бастап жаңа императордың Рэйва дәуірі берекелі болғанын тілеймін. Қашан да елімізде, тұтас әлемде бейбітшік салтанат құрсын деп тілеймін».

Салтанатты рәсімнен бұрын 85 жастағы император дәстүрлі салт-жоралғысын жасады. Яғни ежелгі императорлардың дәстүрлі киімін киіп шыққан ол Жапонияның ғұрпы бойынша тақтан бас тартқанын білдірді. Мұндай жоралғыны Акихито патша бұдан бұрын елдің 11 ауданында жүргізген. Атап айтқанда, Жапонияның тұңғыш императоры Дзимму қорғанында, Исэ қаласындағы Ама-тэрасу ғибадатханасы мен император-әкесінің мавзолейінде болды. Хэйсэй дәуірінің соңғы күнінде, Күн Шығыс елінің тұрғындары да өз лебіздерін білдірді.

«Хэйсэй дәуірі аяқталып, Рэйва дәуірі басталғалы жатыр. Меніңше, Жапон халқы жаңа императорын мақтан тұта алады. Өйткені, ол әкесінің жақсы ұстамын көрген тақ мұрагері».

Ер азамат: 

«Хэйсэй дәуірі кезінде Жапония халқы көп нәрсені бастан кешірді. Менің ойымша, Акихито император мен оның жары Митико патшайым халыққа демеу болып, жігерлендіре білді».

«Білуімше император билігінің ауысуы кезінде, халық қара жамылған еді. Себебі, бұған дейінгі император қайтыс болған. Ал, бүгінгі салтанатты шараны халық фестиваль ретінде бағалап, жаңа дәуірді жақсы көңіл-күймен қарсы алуға мүмкіндік алды».

Сонымен Жапония халқы 31 жыл салтанат құрған Хэйсэй дәуірімен қош айтысты. Айта кетерлігі, император Акихито елдің конституциясы бойынша «Ұлт символына» айналған бірден-бір монарх.  Әлеуметтік сауалнама қорытындысына сәйкес, халықтың сексен проценті осыны мойындайды. Өйткені, Жапон патшасы ХХ-ғасырдағы елдің ішкі-сыртқы саясатын түзуге өз ықпалын тигізді. Бұған Ақ Үй басшысы мен Ресей Президентінің жолдаған ізгі тілектері дәлел.

Ұлы Мәртебелі, Император ретінде  Ресей мен Жапония қатынасының нығаюына талай жылдан бері үлес қосқаныңыз үшін зор алғысымды білдіргім келеді. Алдағы уақытта да қос ел арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық жалғасын табады деген үміттемін. Сізге, және отбасыңызға мықты денсаулық пен баянды ғұмыр тілеймін.     Құрметпен Владимир Путин

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

«Күллі Америка халқы және бірінші ледимен өз атымнан Ұлы Мәртебелі император Акихито және Ұлы Мәртебелі Митико патшайымға шынайы ризашылығымызды білдіреміз. АҚШ-тың Жапониямен арадағы қатынасының маңыздылығын атап өткім келеді».

Хабар 24 телеарнасы