378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезия астанасы ауысады

  • 213
Индонезия астанасы ауысады

Индонезия президенті Джоко Видодо мемлекет астанасын адам көп шоғырланған Ява аралындағы Джакартадан өзге қалаға ауыстыру туралы шешім қабылдады.

Басты себеп – экология және климат. Өйткені бас қала мен оның өзендері қатты ластанған. Одан бөлек табиғаттың тосын мінезінен өңір су астында жиі қалады. Сондай-ақ Джакарта – елдің ең үлкен қалаларының бірі. Онда 9,5 миллион адам тұрады. Ал ел астанасында үкімет пен мемлекеттік кәсіпорындар көптеп шоғырланатын аумақ болуы керек. Әзірге Индонезияның бас қаласы қай шаһарға ауысатыны белгісіз. Дегенмен оған 10 жылға жуық уақыт кетуі мүмкін. Мысал ретінде Бразилия, Малайзия, Қазақстан елдері аталып өтілді.  

Хабар 24 телеарнасы