389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Боливияда өсімдік пен жануар әлемінің білгірлері анықталды

  • 416
  • UPD: 10:52, 02.05.2019
Боливияда өсімдік пен жануар әлемінің білгірлері анықталды

Шаһарлардағы өсімдіктер мен жануарларды зерттеу бойынша City Nature Challenge (Сити Нейтче Челлиндж) сайысы боливиялықтардың табиғатқа деген қызығушылығын арттырды.

Әлемнің көптеген елінде ұйымдастырылып келе жатқан додаға Ла-Пастың 1 жарым мың тұрғыны қатысты. Олар өз шаһарының 2 мың өсімдігі мен жануарын бейнелеген 40 мың суретті арнайы қосымшаға жүктеген. Сөйтіп Боливия астанасы Кейптаун қаласынан кейін екінші орынға орнықты. Ал оңтүстік африкалық қаланың тұрғындары өз шаһарынан 3 жарым мыңнан астам өсімдік пен жанауарын тауып, олардың 45 мыңнан астам суретін жіберген.

Роб Уоллас, эколог:

- Алғаш рет сайыс 4 жыл бұрын Калифорниялық Ғылым академиясы мен Лос-Анджелес қаласының Тарихи мұражайы арасында болды. 2017 жылы байқау АҚШ-тың 20 шаһарында өтті. Былтыр шара әлемнің 68 қаласының арасында ұйымдастырылса, биыл олардың саны 120-ға жетіп отыр.

Хабар 24 телеарнасы