389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Германияда 1 мамыр мерекесінде он бес демонстрация өтті

  • 470
  • UPD: 14:06, 02.05.2019
Германияда 1 мамыр мерекесінде он бес демонстрация өтті

Германияда 1 мамыр мерекесіне орай 15 шеру ұйымдастырылды. Елде тыныштықты қамтамасыз ету үшін 6 мың полиция қызметкері  жұмылдырылды.

Климатты қорғаушылар,  антифашисттер, кәсіподақ мүшелері мен  өзге де неміс азаматтары шеруге шықты. Берлин тұрғындары қолжетімді баспана, еңбек жағдайы мен қоршаған ортаның ластануы жайында көптеген мәселелерді қозғап, ұрандатты. Бейбіт түрде басталған шеру тәртіпсіздікке ұласты. Қақтығыс салдарынан ондаған адам қамалды. Олардың нақты саны белгісіз. Айта кетейік, 1 мамыр мерекесіне орай ұйымдастырылған шеру Гамбург, Дуйсбург, Дрезден қалаларында да өтті.

Эльке Вайхузен, шеруге қатысушы:

- Вегандар қоғамының өкілдері ретінде шеруге қатысуды құп көрдік. Кейде тіршіліктің қадірін біліп жүрміз бе деген ойда жүрем. Қоршаған ортаға жете мән бермейміз ғой. Бәріміздің құқымыз тең, кез келген оң бастамаға қолдау көрсетуге қақымыз бар.  

Даниэль Вухерпфенних, кәсіподақ өкілі:

- Бүгінгі шеруге 12 мыңнан астам адам шықты. Оған Германияның 8 ірі кәсіподағы қатысты. Бундестаг партияларының барлық өкілдері мен қызметкерлері бар. Берлин көшелерінде веложарыс та ұйымдастырылды. Қазір Еуропарламенттегі сайлауды күтіп отырмыз. Біз сасясаткерлерден әлеуметтік әділеттілікті ескеруін сураймыз.

Хабар 24 телеарнасы