378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пуэрто-Рико халқы елдегі қатаң экономикалық саясатқа қарсы шықты

  • 74
  • UPD: 17:10, 02.05.2019
Пуэрто-Рико халқы елдегі қатаң экономикалық саясатқа қарсы шықты

Пуэрто-Рикода халық үкіметтің қатаң экономикалық саясатына қарсы наразылық шеруіне шықты.

Тұрғындар биліктен елдің әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуды талап етуде. Себебі, үкімет 2017 жылғы «Мария» сұрапыл дауылының салдарын әлі жоймаған. Табиғат апатынан жапа шеккен адамдарға көмек жеткілікті дәрежеде көрсетілмей келеді. Осыған байланысты халық Федералдық қаржыны бақылау кеңесін жабуды сұрап отыр.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың қыркүйек айында Пуэрто-Рикоға «Мария» дауылы соғып, 3 мыңға жуық адам опат болды. Табиғат апатынан елге 100 миллиард доллардан астам шығын келді.

Хабар 24 телеарнасы