378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда жойқын дауылдан жүздеген мың адам эвакуциялануда

  • 114
  • UPD: 11:21, 03.05.2019
Үндістанда жойқын дауылдан жүздеген мың адам эвакуциялануда ExpertTur

Үндістанда «Фанни» сұрапыл дауылының жақындауына байланысты жүздеген мың адам қауіпсіз жерге көшіріліп жатыр.

Сағатына 190 шақырым жылдамдықпен ұйытқыған дүлей жел елдің шығыс жағалауына жете бастады. Сондықтан апат аймақтарынан тұрғындар кеме, пойыз және көлікпен көшірілуде. Мектептер мен мемлекеттік органдар уақытша жабылған. Себебі мамандар «Фанни» соңғы 30 жылда соғатын ең жойқын төртінші дауыл болады деп отыр. Айта кететін жайт, 20 жыл бұрын Үндістанда осындай тропикалық дүлей желден 10 мың адам қаза тауып, елге 4 жарым миллиард доллар шығын келген еді.

Хабар 24 телеарнасы