378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швецияда ұшқыштар ереуілінен жүздеген рейс ұшпай қалды

  • 86
Швецияда ұшқыштар ереуілінен жүздеген рейс ұшпай қалды

«Скандинавия әуе жолдары» компаниясы ұшқыштарының жаппай ереуілі әлі жалғасуда.

Наразылық шарасынан соңғы бір күнде 709 рейс болмай, 54 мың жолаушы діттеген жеріне жете алмады. Ұшқыштар алған бетінен қайтар емес. Олар компания басшылығынан жалақы көлемін 13 пайызға өсіруді талап етіп жатыр. Ай сайын орташа есеппен 9 мың доллар айлық алатын олар табыс көлемі жұмыс мөлшеріне сай еместігін айтып шағымдануда. Екіжақты келіссөз еш нәтиже бере қойған жоқ. Ал наразылық акциясы басталғалы 326 мың жолаушы сапарға аттана алмай қалды. Бірлестікке күн сайын 7 миллиондай шығын келуде.

Хабар 24 телеарнасы