379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сент-Люси портындағы круиздік кеме карантинге жабылды

  • 90
Сент-Люси портындағы круиздік кеме карантинге жабылды

Сент-Люси портында саентологтардың круиздік кемесі карантинге жабылды.

Себебі «Фриуиндс» деп аталатын алып кеменің бортында қызылша дертіне шалдыққандар анықталған. Бұл ақпаратты Сент-Люси портының денсаулық сақтау министрлігі де растап, кемедегі дәрігерге тегін 100 вакцина жіберген. Бортында 300-ге жуық адамы бар лайнер аралға сейсенбі күні келді. Әзірге жолаушыларға сыртқа шығуға рұқсат берілмей отыр.

Хабар 24 телеарнасы