378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейдің Сириядағы «Хмеймим» әуе базасына 12 мәрте соққы жасалды

  • 154
Ресейдің Сириядағы «Хмеймим» әуе базасына 12 мәрте соққы жасалды

Сириядағы кикілжің ушығып барады.

Жуырда Латакия провинциясындағы Ресейдің «Хмеймим» атты әуе базасына 12 мәрте соққы жасалды. Абырой болғанда қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бастапқыда 4 ресейлік жасақ қаза тапты делінген. Алайда кейін Ресей билігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Қарулы қақтығыстан әуе базасына да айтарлықтай зақым келген жоқ. Сонымен қатар аймақтағы лаңкестер бір тәуліктік ішінде Хандрат, Махарда, Эс-Саклабия елді мекендері мен Алеппо қаласына да шабуылдаған. Оқиғаның анық-қанығы анықталып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы