379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тың бірнеше өңірі топан су астында қалды

  • 118
АҚШ-тың бірнеше өңірі топан су астында қалды

АҚШ-тың бірнеше өңірінде толассыз жауған жауын тасқынға ұласты.

Сонымен қатар қатты желден электр желілері үзіліп, ағаштар құлап, тұрғын үйлердің шатырлары қирап қалған. Салдарынан 7 мыңға жуық адам жарықсыз отыр. Оған қоса, Миссисипи өзені арнасынан асып кеткендіктен, оның бойында орналасқан аймақ тұрғындары ең көп зардап шекті. Қауіпті жерлерде құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеуде. Айова мен Арканзас штаттарында көптеген мекеме уақытша жұмысын тоқтатты. Өңірде көлік апаттары жиілеп кетті. Әзірге жарақат алғандардың нақты саны белгісіз. Мамандар табиғаттың тосын сыйынан келген шығын көлемін есептеуге кірісті.

Хабар 24 телеарнасы