384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Суданда шерулер кезіндегі қақтығыс салдарынан 53 адам қаза тапқан

  • 341
  • UPD: 20:30, 03.05.2019
Суданда шерулер кезіндегі қақтығыс салдарынан 53 адам қаза тапқан

Суданда Қорғаныс министрлігі ғимараты алдында мыңдаған адам ереуілге шықты.

Осылайша наразы топ әскери кеңестен билікті уақытша азаматтық үкіметке беруін талап етуде. Естеріңізде болса, сәуір айында Судан әскерилері ел президенті Омар әл-Баширді биліктен кетірген еді. Оған бағаның көтерілуіне қарсы бірнеше айға созылған наразылық акциялары себеп. Шеруді басу үшін ел билігі қатаң әрекет еткен еді. Судан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, өткен жылдың соңынан бергі қақтығыс салдарынан 53 адам қаза тапқан. Алайда құқық қорғаушылардың мәліметінше, көз жұмғандар саны кемінде 2 есе көп.

Хабар 24 телеарнасы