378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Швецияда әуе компаниясы ереуілге шыққан пилоттармен келісімге келді

  • 101
  • UPD: 20:35, 03.05.2019
Швецияда әуе компаниясы ереуілге шыққан пилоттармен келісімге келді

Скандинавиялық әуе компаниясының басшылығы наразылық білдірген ұшқыштармен келісімге келді.

Осылайша бір аптаға созылып, жүздеген мың жолаушының жоспарын бұзған ереуіл аяқталды. Естеріңізде болса, 26 сәуірден бастап аталған әуе компаниясына 4 мыңнан аса рейсті кейінге қалдыруына тура келді. Бұған Швеция, Дания және Норвегия ұшқыштарының жұмыс жағдайын жақсартуды талап етуі себеп болды. Нақтырақ айтқанда, олар еңбекақы мөлшерін 13 пайызға көтеру мен жұмыс уақытына өзгеріс енгізілуін сұраған. Өз кезегінде, әуетасымалдаушы компания өкілдерінің мәлімдеуінше, ереуілшілер тым жоғары талап қойған. Себебі қазіргі таңда ұшқыштар ай сайын орташа есеппен 8 мың еуро жалақы алады. Ал бұл Скандинавиядағы ең үлкен жалақы қатарына жатады. Осыған байланысты компания өкілдері кәсіподақпен 30 сағатқа созылған келіссөздер жүргізді. Нәтижесінде тараптар 3 жылға арналған жаңа ұжымдық еңбек шартына қол қойды. Оған сәйкес, ұшқыштардың жалақысы енді 3,5 пайызға артады.

Хабар 24 телеарнасы