378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та Boeing 737 ұшағы өзенге құлады: 142 жолаушының бәрі дін аман

  • 142
  • UPD: 09:58, 04.05.2019
АҚШ-та Boeing 737 ұшағы өзенге құлады: 142 жолаушының бәрі дін аман GID55.RU

Boeing 737 жолаушылар ұшағы Американың Джексонвилл қаласындағы өзенге құлады.

Бұл туралы шаһардың мэрі Ленни Карри өзінің Twitter-дегі парақшасында хабарлады.

«Коммерциялық ұшақ өзенге құлады. Мен бұл туралы ақпаратты біздің өрт сөндірушілер мен құтқарушы департамент өкілдерінен естідім. Олар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр», – деп жазды ол.

Қала басшының сөзіне қарағанда, жолаушылардың бәрі дін аман. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, ұшақта 142 адам болған, деп хабарлайды russian.rt.com.

Хабар 24 телеарнасы