379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Канелоның» промоутері Головкинге тағы да шарт қойды

  • 262
  • UPD: 10:12, 04.05.2019
«Канелоның» промоутері Головкинге тағы да шарт қойды Fightnews.info

Мексикалық боксшы Сауль Альварестің промоутері Оскар де ла Хойя қазақстандық Геннадий Головкинге қыркүйекте үшінші айқастың өтуіне кепілдік бере алмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Де ла Хойя Головкин трилогияның болатынына сенімді, алайда «Канело» Головкиннің қолында әлем чемпионы белбеуі болмайынша, үшінші жекпе-жек өткізуге құлқы жоқ.

«Головкиннің қыркүйекте «Канеломен» айқасатыны өтірік. Алдымен Головкин қайта көтерілуі керек. «Канело» қазір чемпион, оның таңдауы көп: 168 фунтта да, 175 фунтта да. Егер Головкин онымен жұдырықтасқысы келсе, алдымен  әлем чемпионымен жекпе-жек өткізуі керек», - деп мәлімдеді Де ла Хойя.

Еске салайық, 8 маусымда Нью-Йоркте Головкин канадалық Стив Роллспен кездеседі.

Хабар 24 телеарнасы