378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Африка елдерінде дауылдан 40 мыңға жуық үй қираған

  • 138
  • UPD: 11:05, 04.05.2019
Африка елдерінде дауылдан 40 мыңға жуық үй қираған

Мозамбик пен Комор аралдарында 240 мың адам гуманитарлық көмекке зәру.

Аталған африкалық елдерде бірден екі жойқын дауыл соғып, 40 мыңға жуық үй қираған. Бірақ толассыз жаңбыр салдарынан БҰҰ қызметкерлері әзірге шалғай орналасқан елді мекендерге азық-түлік пен дәрі-дәрмек жеткізе алмай жатыр.

Айта кетейік, «Кеннет» дауылы Солтүстік Африка жағалауына сәуір айының соңында соққан болатын. Нәтижесінде циклон кейбір елді мекендерді толықтай жайпап, 38 адамның өмірін қиды. Сонымен қатар бір ай бұрын Африкада «Идай» дауылы соққан еді. Салдарынан Мозамбик, Малави және Зимбабве елдерінде мыңдаған адам көз жұмған болатын.

Хабар 24 телеарнасы