378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-тағы ұшақтың өзенге құлауы: 21 адам жарақат алды

  • 273
  • UPD: 13:48, 07.05.2019
АҚШ-тағы ұшақтың өзенге құлауы: 21 адам жарақат алды

АҚШ-тың Джексонвилл қаласында Boeing-737 жолаушылар ұшағы апатқа ұшырай жаздады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әуе кемесі ұшу алаңына қона алмай, өзенге шығып кетті. Төтенше оқиға кезінде 21 адам жарақат алды. Опат болғандар жоқ. Барлық адам аман-есен құтқарылды. Жалпы апат кезінде ұшақта 136 жолаушы мен 7 экипаж мүшесі болған. Ақпарға қарағанда, ол Кубадағы Гуантанамо әскери базасынан ұшып шыққан. Әзірге әуе көлігінің төтенше жағдайға тап болуына не себеп болғаны белгісіз. Оқиға орынында тергеу ісі жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы