378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Газа секторы мен Израиль шекарасында наразылық шеруі өтті

  • 79
  • UPD: 13:48, 07.05.2019
Газа секторы мен Израиль шекарасында наразылық шеруі өтті

Таяу Шығыстағы Газа секторы мен Израиль шекарасында тағы наразылық шеруі өтіп, 4 палестиналық қаза тапты, деп хабарлайды «Хабар 24».

100-ге жуық адам жарақат алды. Олардың арасында әйелдер мен балалар бар. Израиль әскерилерімен қақтығыс әдеттегідей шекара маңында өткізілген шеру кезінде орын алды. Палестиналықтар еврей жауынгерлеріне тас және жарылғыш заттар лақытырған. Ал израильдіктер өз кезегінде қару қолданған. Наразылық акциясынан кейін Изариль ұшақтары ХАМАС қозғалысының әскери базасына соққы жасап, 2 адам көз жұмды.

Айта кетейік, Газа секторы мен Израиль шекарасы маңындағы наразылық шеруі өткен жылдың көктем айынан бері жалғасып келеді. Палестиналықтар Израильден соғыс кезінде басып алған жерлерді қайтаруды талап етуде.

Хабар 24 телеарнасы