379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Солтүстік Корея қайта зымыран ұшырды

  • 348
Солтүстік Корея қайта зымыран ұшырды ИноСМИ

Ақпарға қарағанда Пхеньян бұл жолы жақын қашықтықтағы қаруды сынаған.

Және бір емес, бірнешеуін бірақ ұшырған. Зымырандар елдің оңтүстік-шығысындағы Вонсан алаңынан ұшырылып, Жапон теңізіндегі экономикалық аймаққа түскен. Алайда Сеул олардың баллистикалық зымыран еместігін, тек 200 шақырымға дейінгі жердегі нысанды жоюға арналған қарулар екенін айтады. Ал АҚШ Қорғаныс министрлігі ақпарды тексеріп жатқанын жеткізді.

Еске сала кетейік, Пхеньян өткен жылы сәуір айында ядролық қару мен баллистикалық зымырандарды сынаудан бас тартқан болатын.

Хабар 24 телеарнасы