389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та сарбаз жанартауға құлап кетіп аман қалды

  • 307
АҚШ-та сарбаз жанартауға құлап кетіп аман қалды

АҚШ-та бір әскери жанартаудың ойығына түсіп кетіп аман қалды.

32 жастағы жігіт Килауэа жанартауының маңында фотоға түспек болып, оны қоршап тұрған темір қорғанға шыққан. Осы сәтте аяғының астындағы жер опырылып, жанартаудың ішіне құлап кетеді. Бірақ жас жігіт жартастың біріне жармасып аман қалды. Жанартау маңын күзетушілер ол шапшаң қимылдамағанда қайнаған лаваға түсіп кетер ме еді таңданып отыр. Ал ақпарға қарағанда, жас жігіт Гавайға әскери оқу-жаттығуға келген. Бірақ аты-жөні жарияланбай отыр. Айта кетейік, Килауэа – АҚШ-тағы ең белсенді жанартаудың бірі. Өткен жылы оның атқылауынан 700 үй қирап-бүлінген болатын.

Хабар 24 телеарнасы