378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ Иранға қарсы санкцияны қатаңдатты

  • 154
АҚШ Иранға қарсы санкцияны қатаңдатты Телеканал 24

Иранға қарсы санкция қатаңдатылды.

Шектеу шарасы Тегеранның Бушердегі атом электр станциясын кеңейтуіне байланысты енгізілді. Вашингтон Иранға енді өз аумағында 300 келіден жоғары аз байытылған уранды өңдеп, сақтауына тыйым салды. Шешім Тегеранның ядролық қару жасауына жол бермеу үшін қолға алынған. Бірақ АҚШ Мемлкеттік хатшысы Майк Помпео Ресей, Қытай және Еуропа елдерінің Иранмен ынтымақтастығын созуға бағытталған құжатты 90 күнге ұзартты. Еске сала кетейік, АҚШ биыл Иранмен 2015 жылы жасалған ядролық келісімнен біржақты бас тартып, Тегеранға санкцияларды қалпына келтірген болатын. Бірақ құжатқа қол қойған өзге елдер Вашингтонның бұл қадамына наразылық танытқан еді.

Хабар 24 телеарнасы