384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таиландта жаңа корольді ұлықтау салтанаты өтіп жатыр

  • 592
  • UPD: 09:51, 05.05.2019

Таиландта елдің жаңа патшасы Рама Оныншыны ұлықтап, тәж кигізу салтанаты өтіп жатыр.

Шара үш күнге созылады. Арнайы рәсім кезінде Маха Вачиралонгкорнның басына 7 келіден асатын тәж кигізілді. Осыдан кейін Рама Оныншы алғашқы жарлығын жариялап, елде азаматтардың құқықтарын сақтауға ант етті. Ал өткен сәрсенбі күні Рама Оныншы өзінің қауіпсіздік қызметінің басшысы Сутхида Тиджаймен некеге отырған. Осы ұлықтау салтанатынан кейін ол патшайым Сутхида деген есімге ие болады. Айта кетейк, ханзада Вачиралонгкорн 1972 жылы тақ мұрагері деп жарияланған. Бірақ таққа 2016 жылы әкесі патша Пхумпион Адульядет қайтыс болған соң отырды.

Хабар 24 телеарнасы