379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ливияда Хафтардың әскері шегінуді бастады

  • 144
  • UPD: 15:16, 05.05.2019
Ливияда Хафтардың әскері шегінуді бастады

Ливияда генрал Халифа Хафтар әскері Сарадж үкіметінің жасақтарынан соққы алып, шегіне бастады. 

Бұл туралы Премьер-министр Фаиз Сарадждың өзі мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Хафтар әскері Триполи түбіндегі қорғанысты бұза алмай бейбіт елді мекендерді бейберекет атқылауға көшкен.  Осыған байланысты Ұлттық келісім үкіметінің басшысы Мысыр, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінен Хафтарды қолдауын тоқтатуды сұрады. Еске сала кетейік, Ливия қазір қос өкіметтік жағдай өмір сүріп жатыр. Бірақ сәуірдің 4-і күні генерал Халифа хафтар халықаралық қауымдастық таныған Триполи қаласындағы Сарадж үкіметіне қарсы шабуылды бастаған.  Бірақ Хафтар әскері  Триполидің қорғанысын бұза алмады.

Хабар 24 телеарнасы