379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан мен Бангладеште бір миллионнан астам тұрғын эвакуацияланды

  • 133
  • UPD: 13:47, 07.05.2019
Үндістан мен Бангладеште бір миллионнан астам тұрғын эвакуацияланды

«Фани» тропикалық дауылы Үндістан мен Бангладештің мұхит жағалауындағы аймақтарында ойран салды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Екі мемлекет те қауіп таяғанда 1 миллионнан астам тұрғынды эвакуациялап үлгерген. Үндістанда сұрапыл дауылдан 15 адам опат болса, Бангладеште бір бала қаза тапқан. Қазір тұрғындар үйлеріне орала бастады. Ал Бангладеште әлі де алай-түлей боран. Дегенмен желдің екпіні бәсеңдеген.

Еске сала кетейік, «Фани» дауылы Үндістан аумағына өткен жұма күні жеткен еді. Алапат дауылдың екпіні сағатына 200 шақырымға дейін жетті. Бұл – аймақта соңғы 10 жылда болмаған жағдай.

Хабар 24 телеарнасы