378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украинаның жас ғалымдары наразылық акциясын ұйымдастырды

  • 116
  • UPD: 19:10, 05.05.2019

Киевте украиналық жас ғалымдар наразылық акциясын ұймдастырды.

Мамандар – ғылым саласы реформаны және қаржыландыруды қажет ететін айтады. Нақтырақ айтсақ, жас ғалымдар Жоғары рададан «Украина ұлттық зерттеу қорын» құруды талап етті.

«Ғылымсыз Украина». Жас ғалымдар ұйымдастырған марш осылай аталады. Салаға қатысты реформаны қайта бір пысықтап, осы жылдың ішінде Ұлттық зерттеу қорын құруды қолға алмасақ, мемлекеттің ғылым саласы құрдымға кетеді деп дабыл қағуда жас ғалымдар. «Қаржыландыру мен ғалымдардың айлығы да аянышты», – дейді іс-шараға қатысушы жас ғалым Ксения Гулак. «Он жылдан астам уақыт бойы осы салада қызмет етіп келемін, алайда айлығым алты-ақ мың гривень, шамамен 200 доллар ғана», – деп шағымданды ол.

Ксения Гулак, А.Богомолець атындағы физиология институтының қызметкері:

- Жыл сайын ғылым саласына бөлінетін қаржы көлемі азайып барады. Сондықтан акцияны мысқылдап «Ғылымсыз Украина» деп атадық. Жас ғалымдардың жалақысы өте төмен, сәйкесінше олар елден кетіп жатыр. 

Украина ұлттық академиясы жанындағы жас ғалымдар кеңесінің мүшесі және акция ұйымдастырушысы Юлия Безвершенконың да айтары осы. Мәселен, ғылым саласын қаржыландыруға жыл сайын қазынадан 7 млрд гривень бөлінеді. Бұл ішкі жалпы өнімнің 0,16 пайызын құрайды. Жас ғалымдар ғылым саласына қаражат Еуроодақ елдеріндегідей ішкі жалпы өнімнің 3 пайызына жетуі тиіс деп отыр.

Юлия Безвершенко, Украина ұлттық академиясы жанындағы жас ғалымдар кеңесінің мүшесі:

- Украина ұлттық зерттеу қорын құруымыз тиіс. Бұл қор осы салада қордаланып қалған бірқатар мәселені шешпек. Атап айтқанда, ғылым саласында тер төгіп жүрген қызметкерлерді қолдау жүйелі жүзеге асады, зерттеу жұмыстарының сапасы артады.  

«Сондай-ақ, мемлекет ғылым саласының үздік қызметкерлерін қолдап отыратын әділ конкурс ұйымдастырса», - дейді жас ғалымдар. «Қазіргі күні премия ешқандай сараптамасыз беріледі, бұл дұрыс емес, ғылым саласына бөлінетін сыйақы салмақты және әділ берілуі тиіс», – дейді акцияға қатысушы жас ғалымдар.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Петр Борейко

Хабар 24 телеарнасы