384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореядағы отшашу шамамен 12 минутқа созылды

  • 475
  • UPD: 13:46, 07.05.2019
Оңтүстік Кореядағы отшашу шамамен 12 минутқа созылды

Корей түбегі бейбітшілікті ұлықтап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осы мақсатта Оңтүстік Кореядағы ең биік – 555 метрлік Лоттэ мұнарасынан отшашу атылды.

От, лазер, жарық және музыканы біріктірген шоуды Оңтүстік Корея астанасының миллионға жуық тұрғыны тамашалады. Отшашу кезінде «Лалаланд» және «Ең ұлы шоу» фильмдері көрсетіліп, «Ариран» корей халық әні шырқалды. Шара 11 минут 50 секундқа созылды. Бұл Тайбэйдегі 101 және Дубайдағы Бурдж Халифа мұнаралардағы өткен отшашулардан да ұзағырақ. Ұйымдастырушылардың айтуынша, осы бір сәттік шоудың құны – алты миллиард вон. Бұл – шамамен 5 миллион 143 мың доллар.

Хабар 24 телеарнасы