378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Израиль қарулы топтардың нысандарына соққы жасады

  • 137
  • UPD: 13:45, 07.05.2019
Израиль қарулы топтардың нысандарына соққы жасады

Таяу Шығыста жағдай ушығып барады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Газа секторындағы қарулы топтар Израильдің оңтүстігін атқылап, 450 зымыран ұшырды. Бір бейбіт тұрғын мен 1 жауынгер қаза тауып, тағы 1 сарбаз жарақат алды. Зымыран шабуылына жауап ретінде Израиль күштері Газа секторындағы ХАМАС қозғалысы мен «Әл-Макам бригадасы» тобының 220 бекінісін нысанаға алып, ұшақ және танктермен соққы жасады. Осы аласапыранда бір әйел нәрестесімен бірге оққа ұшқан. Тель-Авив кінәні қарулы топтарға артып отыр.

Аймақтағы шиеленіс жұма күні шекара маңында өткен шерулерден соң басталған. Наразылық акциясы кезінде 4 адам қаза тауып, 100-ге жуық палестиналық жарақат алған еді. Осыдан кейін қарулы топтар Израильді атқылауға кіріскен.

Хабар 24 телеарнасы