378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венесуэлада шеру нәтижесіз аяқталды

  • 67
  • UPD: 13:45, 07.05.2019
Венесуэлада шеру нәтижесіз аяқталды

Венесуэлада Николас Мадуроны биліктен кетіруге тырысқан оппозиция жетекшісі Хуан Гуайдо өз әрекетінің кезекті рет сәтсіз аяқталғанын мойындады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол бұл туралы америкалық «Вашингтон Пост» газетіне берген сұхбатында айтқан. Оның айтуынша, сәтсіздікке әскери қолдаудың жеткіліксіз болуы себеп болған. Өйткені Гуайдо шеруді қарулы күштер жаппай қолдайды деп үміттенген.

Еске сала кетейік, сәуірдің 30-ы мен мамырдың 1-і күні Венесуэла оппозициясы Мадуроны биліктен кетіру үшін жаппай шеру өткізіп, тәртіп сақшыларымен қақтығысқан еді. Онда 300-ге жуық адам жарақат алып, 250-ге жуық белсенді қамалған.

Хабар 24 телеарнасы