378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шереметьево әуежайындағы апаттан қаза тапқандар саны 41-ге жетті

  • 141
  • UPD: 07:14, 06.05.2019
Шереметьево әуежайындағы апаттан қаза тапқандар саны 41-ге жетті BBC

Мәскеуден Мурманскіге бағыт алған бортында 78 жолаушысы бар SSJ-100 ұшағы Шереметьево әуежайына апатты жағдайда қонған сәтте өртеніп кетті.

Қызыл жалын ұшақты түгел жалмаған. Соңғы мәліметтерге сәйкес оқиғадан 41 адам қаза тапты. 37-сі ажал аузынан аман қалды. Оның 33-і жолаушы болса, төртеуі экипаж мүшесі. Белгілі болғандай, ұшақ Мурманскіге ұшып шыққаннан кейін бірнеше уақыт өткен соң апаттық жағдайда қонуға рұқсат сұрап, Шереметьево әуежайына қайта оралған екен. Рейтер ақпарат агенттігінің хабарлауынша, әуе кемесін найзағай соққан. Қазір аман қалған адамдармен мамандар жұмыс істеп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы