379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ЕО АҚШ-тан табиғи газ импортын ұлғайтпақ

  • 104
ЕО АҚШ-тан табиғи газ импортын ұлғайтпақ eadaily.com

Еуроодақ АҚШ-тан табиғи газ импортын ұлғайтатын болды.

Бұл туралы Энергетика жөніндегі еврокомисссар Мигель Ариас Каньете мәлімдеді. Оның айтуынша, алдағы уақытта Америкадан жеткізілетін табиғи газдың көлемі жылына 8 миллиард текше метрге дейін өседі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда екі есе көп. Бірақ осыған қарамастан, Еуроодақ үшін табиғи газды тасымалдауды әртараптандыру маңызды екенін атап өтті. Айта кетейік, былтыр шілде айында Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер президент Дональд Трамппен кездесіп, екіжақты сауда қатынасын талқылаған. Басқосуда Еуроодақ АҚШ-тан табиғи газды ұлғайтуға, ал Вашингтон еуропалық көліктерге баж салығын енгізбеуге келіскен болатын.

Хабар 24 телеарнасы