379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таяу Шығыста атыстан 24 адам мерт болды

  • 157
  • UPD: 09:57, 06.05.2019
Таяу Шығыста атыстан 24 адам мерт болды

Таяу Шығыста Израиль мен Газа Секторы бірнеше күн бойы бір-біріне оқ жаудырып жатыр.

Қанды қырғын салдарынан 24 палестина азаматы мерт болды. Олардың арасында балалар мен әйелдер де бар. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, 150-ден астам тұрғын жарақат алды. Израиль әскерінің хабарлауынша, Палестина аумағында ХАМАС ұйымының командирі қаза тапты. Израиль тарапынан да адам шығыны бар. Әзірге олардың нақты саны белгісіз. Осы елдің премьер-министрі Биньямин Нетяньяху үкімет әскеріне Газа аумағына шабуылды жалғастыру керек деген бұйрық берді.

Хабар 24 телеарнасы