378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мысырда ежелгі патшалық дәуіріндегі молалар табылды

  • 155
Мысырда ежелгі патшалық дәуіріндегі молалар табылды

Мысырда Ежелгі патша дәуіріндегі молалар табылды.

Ғалымдар оларды Гизадағы перғауындардың пирамидаларына жақын жерден кездестірген. Зираттардың ең көнесі әктастан салынған. Ол біздің заманымызға дейінгі 2500 жылы билік еткен бесінші әулет кезінде қаланған. Моланың ішіндегі жерасты бөлмелерде жазулар мен суреттер жақсы сақталған. Ондағы қабірдің бірі жоғары дін өкіліне тән болса, екіншісі лауазымды шенеунікке тиесілі. Жалпы мамандар бұл молалар пирамидаларды құлдар емес, жергілікті халық өкілдері тұрғызғанын көрсетеді деген пікірде.

Хабар 24 телеарнасы